Презентация - "«Математика сабағында PISA тапсырмаларарын орындау»"
- Презентации / Другие презентации
- 0
- 25.11.24
Просмотреть и скачать презентацию на тему "«Математика сабағында PISA тапсырмаларарын орындау»"
Тақырып:
«Математика сабағында PISA тапсырмаларарын орындау»
Математика пән мұғалімі: Иманхан С.М.
PISA зерттеу бағыттары
Оқу сауаттылығы
Жазбаша мәтіндерді ұғынуға, олардың мазмұнын білім мен мүмкіндіктерді дамыту үшін пайдалануға қабілеттілігі
Математикалық сауаттылық
Математиканың әлемдегі рөлін анықтау және түсіну, әртүрлі формада берілген сандық ақпараттарды оқу, талдау, түсіндіріп беру, дұрыс негізделген математикалық пайымдаулар айту, есептерді шығарудың тиімді тәсілдерін табу, орындау, өзін-өзі тексеру, өмірмен байланыстыру, қолдану.
Жаратылыстану сауаттылығы
Жаратылыстану білімін нақты жағдайларда ғылыми әдістерді қолдану арқылы зерттеп, шешуге болатын мәселелерді анықтау, бақылаулар мен эксперименттер негізінде қорытынды жасау үшін пайдалана білу.
Матемтикалық сауаттылық бағытын қалайтын екі принцип:
«Фундаменталды математикалық идеялар»
«Айнымалы және қатынас»,
«Кеңістік және пішін»
«Белгісіздік»
«Сан»
«Математикалық құзыреттілік»
«Елестету»
«Байланыс орнату»
«Ойлау»
Математикалық сауаттылықты зерттеуді ұйымдастыру негізі үш құрылымдық компоненттен тұрады:
мәселе ұсынылған контекст;
тапсырмаларда қолданылатын математикалық білімінің мазмұны;
мәселе ұсынылған контекстті мәселені шешу үшін қажетті математикалық мазмұнмен байланыстыруға қажетті ой қорыту іс-әрекеті.
PISA форматындағы тапсырмалар түрлері
Ашық түрдегі тапсырмалар
Қысқа жауапты қажет етеді
Толық және негізделген жауапты қажет етеді
Қолдану тапсырмалары
Жабық түрдегі тапсырмалар
Мәлімдемелердің ақиқат/жалғандығын анықтау
Берілген жауап нұсқасын таңдау
қажетті сөзді немесе цифрды жазу
Жабық түрдегі тапсырмалар
Бір дұрыс жауапты таңдау немесе шынайы, жалған(иә, жоқ; дұрыс, дұрыс емес; келісемін, келіспеймін) және басқа мәлімдемелер әдетте білім мен түсінуді бағалау үшін, сондай-ақ оқушылардың жоғары деңгейдегі дағдыларды бағалау үшін қолданылады және зерттелген материалды түсінуді немесе түсінбеуді көрсетеді
Ашық түрдегі тапсырмалар
Қарапайым сызбаны немесе формуланы қолдана отырып, сұрақтарға нақты жауаптар беруіге, не толық дәлелдерді қолдану және эксперименттік мәселелерді шешуде өз бетінше білім алуға, әлемді белсенді білуге, құбылыстарды өз бетінше талдауға дағдыландыруға, теориялық білімі мен практикалық дағдыларын тарта отырып, қарқынды ойлауға оқушыларды итермелейді.
Тапсырмалар:
1 тапсырма: СКЕЙТБОРД
Эрик скейтбордпен қыдырғанды өте жақсы көреді. Ол кейбір тауарлардың бағасын білу үшін кейде «Спорт» дүкеніне кіріп тұрады. Бұл дүкенде толығымен жинақталған скейдборд сатып алуға болады. Бір платформа, 4 дөңгелектен тұратын 1 комплект, 2 дөңгелек ұстағыштан тұратын 1 комплект, сонымен бірге темір және резинка бөлшектерден тұратын комплект алып өзінің жеке скейтбордын жасауға болады.
Мына кестеде дүкендегі осы тауарлардың бағасы көрсетілген
1 сұрақ: Эрик өзі қалаған скейтбордты жинақтап алғысы келеді. Бұл дүкенде өз қолымен жасалатын скейтбордтар үшін ең төмен және ең жоғарғы баға қандай? Жауап ең төмен баға 80, ең жоғарғы баға 137
2 сұрақ: Дүкенде таңдауға тақтайдың үш түрі, әр түрлі дөңгелектер комплектілерінің екі түрі, әр түрлі темір және резина бөлшеккомплектерінің екі түрі ұсынылған. Сонымен бірге дөңгелек ұстағыштың бір түрі ғана ұсынылады. Осы ұсынылған бөлшектерден Эрик скейтбордтың әр түрлі нешеуін жинай алады.?
A 6
B 8
C 10
D 12 жауап
3 сұрақ: Эрик 120 зед бар және ол осы ақшаға мүмкіншілігінше ең қымбат скейтборд жинағысы келеді. Ол скейтбордтың төрт бөлігінің әрбіреуіне қанша ақша жұмсайды?
Жауаптарыңды мына төмендегі кестеге жазыңдар
2 тапсырма: ШАМШЫРАҚ
Шамшырақтар – бұл төбесінде жарығы бар мұнаралар. Шамшырақтар теңіз кемелеріне түнгі уақытта жағаға жақындаған кезде жол табуға көмектеседі. Шамшырақтың белгі беруші жарығы белгілі бір теттегі код комбинациясымен беріліп отырады. Әр шамшырақтың өзінің жарық түсі болады. Төмендегі диаграммада Сіз белгілі бір шамшырақ суретін көре аласыз. Жарық жарқылы қараңғы кезеңдермен кезектесіп отырады.
Бұл әдеттегі құбылыс. Біршама уақыттан соң сурет қайталанады. Ол қайталауды бастағанға дейінгі бір толық цикілге жұмсалған уақыт кезеңі деп аталады. Сіз кезеңді тапқан уақытта келесі бірнеше секунд, минут не сағат бойына диаграмманы кеңейту қиын емес.
1 – сұрақ: Төменде көрсетілгендердің қайсысы бұл шамшырақтың кезеңі бола алады?
2 сек.
3 сек.
5 сек. жауап
12 сек.
2 – сұрақ: Шамшырақ 1 минутта неше секунд бойына жарық жарқылдарын береді?
4
12
20
24 жауап
3 – сұрақ: Төменде келтірілген диаграммада минутына 30 секунд бойына жарық белгісін беретін шамшырақтың жарық жарқылдарының ықтимал суретінің кестесін жасаңыз. Кезең 6 секундқа тең болуы тиіс
Дұрыс жауап: Кестеде әрбір 6 секунд сайын 3 секунд бойына 6 секундтық кезеңмен жарқылдай отырып, жарық пен көлеңкенің суреті көрсетілген. Бұны келесі тәсілдермен жасауға болады: • 1 бір-секундтық жарқыл және бір екі - секундтық жарқыл (бұл бірнеше тәсілдермен көрсетілуі мүмкін) • 1 үш-секундтық жарқыл (ол 4 тәсілмен көрсетілуі мүмкін). • Егер екі кезең көрсетілсе онда әр кезең үшін шаблон бірдей болуы тиіс. • Кестеде әрбір 6 секунд сайын 3 секунд бойына бірақ 6 секундтық емес кезеңмен жарқылдай отырып, жарық пен көлеңкенің суреті көрсетілген. Егер екі кезең көрсетілсе онда әр кезең үшін шаблон бірдей болуы тиіс. • Үш бір-секундтық жарқыл көлеңкенің үш бір-секундтық кезеңдерімен кезектеседі.
3 тапсырма: МРЗ плеер
1 – сұрақ. МР3 плеер Оливия MP3-плеер, құлаққаптар және колонкалардың бағаларын калькуляторға қоса отырып, енгізді. Ол 248 деген жауап алды. Оливияның жауабы дұрыс емес. Ол төмендегі қателердің бірін жіберді. Ол жіберген қате қайсысы?
Ол бағалардың бірін екі қайтара енгізді.
Ол үш бағаның бірін қосуды ұмытты
Ол бағалардың бірінің соңғы бір санын енгізбей қойды.
Ол бағалардың бірін қосудың орнына азайтты.
2 – сұрақ. МР3 плеер Music City –де жаппай сатылым/ 2 немесе одан да көп бұйым сатып алсаңыз, Music City жаппай сатылым бойынша берілген тауардың әдеттегі бағасынан 20%- ды шегереді. Джейсонда жұмсау үшін 200 «Z» бар. Ол жаппай сатылымда не сатып ала алады? “Иә” немесе “Жоқ”жауаптарын қоршаңыз. иә. Иә. Жоқ