Презентация - "Презентация на тему: §13. Металдардың тұз ерітінділерімен әрекеттесуі; (8 - сынып)"

- Презентации / Другие презентации
- 6
- 07.12.25
Просмотреть и скачать презентацию на тему "Презентация на тему: §13. Металдардың тұз ерітінділерімен әрекеттесуі; (8 - сынып)"
Сайт klass-uchebnik.com предлагает качественные учебные материалы для школьников, родителей и учителей. Здесь можно бесплатно читать и скачивать современные учебники, рабочие тетради, а также наглядные презентации по всем предметам школьной программы. Материалы распределены по классам и темам, что делает поиск максимально удобным. Каждое пособие отличается логичной структурой, доступной подачей материала и соответствует действующим образовательным стандартам. Благодаря простому языку, наглядным схемам и практическим заданиям, обучение становится легче и эффективнее. Учебники подойдут как для ежедневной подготовки к урокам, так и для систематического повторения перед экзаменами.
Особое внимание стоит уделить разделу с презентациями - они становятся отличным визуальным дополнением к теории, помогают лучше понять сложные темы и удерживают внимание учащихся. Такие материалы удобно использовать в классе на интерактивной доске или при самостоятельной подготовке дома. Все размещённые на платформе материалы проверены на актуальность и соответствие учебной программе. Это делает сайт надёжным помощником в образовательном процессе для всех участников: школьников, учителей и родителей. Особенно удобно, что всё доступно онлайн без регистрации и в свободном доступе.
Если вы ищете надежный источник для подготовки к урокам, контрольным и экзаменам - klass-uchebnik.com станет отличным выбором. Здесь вы найдёте всё необходимое, включая "Презентация на тему: §13. Металдардың тұз ерітінділерімен әрекеттесуі; (8 - сынып)", чтобы сделать обучение более организованным, интересным и результативным.
Металдардың тұз ерітінділерімен әрекеттесуі.
8 сынып.
Оқу мақсаты:
8.2.4.6 -металдардың тұз ерітінділерімен әрекеттесуінің жоспарын жасау және жүргізу;
8.2.4.8 -металдардың белсенділік қатарын қолданып металдардың таныс емес орынбасу реакцияларының жүру мүмкіндігін болжау
Үй тапсырмасын тексеру.
1. Белсенді металл + қышқыл ерітіндісі ꞊ ?
2.Төмендегі реакция теңдеулерін аяқтаңыздар:
a) H2 +Cl2 =
b) H3PO4 + MgO =
c)Na + H2SO4 =
d)Mg + CuCl2 =
e)Zn + FeCl3 =
Металдардың тұздармен әрекеттесуі
Белсенді металл + тұздар = тұз + белсенділігі төмен металл
Li, Rb, K, Cs, Ba, Sr, Ca, Na, Mg, Be, Al, Mn, Zn, Cr, Fe, Cd, Co, Ni, Sn, Pb,
H2, Sb, Bi, Cu, Hg, Ag, Au
бұл орын басу реакциясы - бұл кері бағытта жүрмейді, себебі жаңа түзілген металлдардың химиялық белсенділік қатарында сутегіден кейін орналасқан.
Ескерту: мұндай типтегі реакциялар жүру үшін төмендегі шарттар орындалуы керек:
белсенділік қатарында тұрған металл өзінен кейін тұрған металдарды олардың тұздарынан ығыстырады;
реакцияға алынған және түзілген тұз ерімтал болуы керек, егер түзілген тұз ерімейтін болса, тұз металл бетін қаптап қалады да, реакция жүрмейді,
М: Fe + CuSО4 = Fe SО4 + Cu
Белсенділігі жоғары металл белсенділігі төмен металды оның қосылысынан ығыстырады. Кері реакция жүрмейді.
Cr (қ) + ZnSO4 (с.е.) → реакция жүрмейді
Cr (қ) + FeSO4 (с.е.) → Fe (қ) + CrSO4 (с.е.)
Mg (қ) + CaCl2 (с.е.) → реакция жүрмейді
3Mg (қ) + Al2(SO4)3 (с.е.) → 2Al (қ) + 3MgSO4 (с.е.)
Zn˃Cr ˃Fe
Ca˃Mg ˃Al
№ 1 практикалық жұмыс:
«Металдардың белсенділігін салыстыру»
Мақсаты:Металдардың белсенділігін тәжірибе жүзінде салыстыру.
Құрал – жабдықтар, реактивтер: теміржәне мыс жаңқалары, күміс нитраты, мыс (II) сульфаты, алюминий нитратының 0,5М ерітіндісі, тұрғы -1, сынауықтар.
Жұмыстың барысы:
Қорытынды:____________________________________________________________
Келесі сұрақтарға жауап бер.
А) Біз алтын затты күміс нитратының AgNO3 ерітіндісіне салу арқылы күміспен жалата аламыз ба?
Б) Біз күміс затты алтын (III) хлоридінің AuCl3 ерітіндісіне салу арқылы алтынмен жалата аламыз ба?
В) Темір (II) сульфиді алынатын реакцияны аяқтаңыз.
HgS (қ) +…….. (қ) ⟶ FeS (қ) + ………. (с)
Осы реакцияға қарап, темір мен сынап жайлы не айтуға болады?
Г) Мырыш сульфатының ерітіндісіне салынған мыс пластина өзгермейді. Неліктен?
Д) Қай тұздың ерітінділерінен хром металды ығыстырып шығарады?
1.никель хлориді 2.алюминий хлориді 3.кальций бромиді
4.мырыш сульфаты 5.барий сульфиті
Е). Темір сульфаты ерітіндісінен темір атомын ығыстыра алмайтын металл
1.кобальт 2.мырыш 3.калий 4.хром 5.магний
Тапсырма:
Мырыштың төменде берілген тұз ерітінділерімен жүруі мүмкін болған реакция теңдеулерін құрастырыңыз.
А)магний нитраты;
Б)мырыш сульфаты;
В)мыс сульфаты;
С) күміс нитраты.








