Презентация - "Мектепілік бақылау-білім сапаның басты құралы"
- Презентации / Другие презентации
- 0
- 20.12.24
Просмотреть и скачать презентацию на тему "Мектепілік бақылау-білім сапаның басты құралы"
Жоспар:
1. Мектепішілік бақылаудың мәні мен ерекшеліктері
2. Мектепішілік бақылау технологиясы
3. Мектепішілік бақылау ТҮРЛЕРІ, ФОРМАЛАРЫ,ӘДІСТЕРІ
4. Мектепішілік бақылауды ҚҰЖАТТАУ
“Мектепішілік бақылау” ұғымы
Мектепішілік бақылау - бұл мектептің барлық жұмысын оның алдына қойылған тапсырмаларға сай үйлестіру мен оңтайландыру мақсатында білім беру ұйымындағы оқу тәрбие процесін жан-жақты оқу мен талдау жасайтын, сондай ақ қателіктердің алдын алу мен педагогикалық ұжымға кәсіби көмек көрсететін біртұтас процесс.
Бұл жұмыс мектеп әкімшілігі мүшелерінің өз құзырлықтары шеңберінде мектеп жұмысшыларының Қазақстан Республикасының заңдары мен басқа да нормтивтік -құқықтық құжаттарды орындауын бақылау мен басқару бағытында жүзеге асыратын тексеру мен байқау жүргізуін ұсынады.
Мектепішілік бақылаудың ЕҢ басты МАҚСАТЫ
Оқу – тәрбие процесінің барысы мен нәтижелерінің мемлекеттің, оқу бағдарламасының, білімнің мазмұнына және тәрбие жұмысының үлгі мазмұнына сай келуін анықтау және оны сақтау.
білім беру ұйымының педагогикалық жүйесінің жалпы білім берудің мемлекеттік стандартына сай жұмыс істеуі мен дамуының мектептегі білім беру процесін ары қарай дамыту ұсыныстары мен объективті тұжырымдамаларды қамтамасыз ететін себеп - салдарлық байланыстарын орнатуды анықтау;
Оқушының білім әлеуетін анықтау және жүзеге асыру, жеке тұлғаның жан-жақты даму динамикасын бақылау;
Білім мекемелерінің білім беру процесін қамтамасыз ету мен ұйымдастыруға қойылатын талаптарға сай жұмыс істеуін қамтамасыз ету
Мектепішілік бақылаудың міндеттері:
Қазақстан Республикасының білім беру аумағындағы заңнамаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
заңнамаларды және басқа да нормативті -құқықтық актілерді бұзу және орындамау жағдайларын анықтау, оны болдырмау шараларын жүргізу;
педагогтардың қызметінің нәтижесінің тиімділігін талдау және эксперттік баға беру;
педагогикалық қызмет нәтижесін оқып зерттеу, білім беру процесін ұйымдастырудағы оң және кері тенденцияларды анықтау және осының негізінде кері тенденцияларды болдырмау жайында педагогикалық тәжірибені таратуды ұсыну;
мектепте Бұйрық пен нұсқаулардың жүзеге асырылу нәтижелерін талдау;
педагогтарға бақылау барысында әдістемелік көмек көрсету.
Мектепішілік бақылаудың объектілері:
үздіксіз білім беруді жүзеге асыру, оқушылардың оқу процесіне жауапкершілігін арттыру, оқушыларды белсенді қоғамдық өмірге тарту;
мұғалімдердің әдістемелік және ғылыми-техникалық шеберлігін арттыру,
Оқу-тәрбие процесін сапасын жетілдіру;
оқушылардың барлық пәндерден ББД терең және берік қамтамасыз ету;
ата -аналармен байланысты түбегейлі жетілдіру;
сынып жетекшісінің пән мұғалімдерімен байланыс деңгейін көтеру;
барлық оқушыны мектептегі сабақтан тыс жұмыстарға тарту;
оқытуда көмек көрсету мен өзара көмек көрсетуді ұйымдастыру;
сынып жетекшісінің сынып ұжымын ұйымдастыру мен біріктірудегі ролі
Мектепішілік бақылауды жүзеге асыруға бірқатар талаптар қойылады:
Ол болуы керек:
жоспарланған,
жүйеленген,
мақсатқа бағытталған,
кәсіби тұрғыда құзырлы ,
жан-жақты,
дифференциалданған және дараланған,
әрекет етуші,
барынша негізделген,
интенсивті,
нақты ұйымдастырылған,
көпшілікке сүйенуі керек (арқа тұту)
жоғары ғылыми деңгейде жүруі керек
және тексеру нәтижесінің жариялылығын қамтамасыз етуі керек
Бұл талаптардың орындалуы неге әкеледі?
1. Бақылаудың тиімділігін қамтамасыз етеді.
2.Мектептегі МІБ жұмысының сапасын арттыруға ықпал етеді.
3. Педагогикалық ұжымда шығармашылық және өзара көмек атмосферасын тудырады.
4. Жақсы жұмыс істеуге ұмтылу мотивациясын дамытады.
Бақылау технологиясы
1) Стандартты анықтау ( белгілі бір уақыт аралығында жетуге тиісті мақсаттар мен міндеттерді белгілеу);
2)Білім беру жүйесінің іске асырылуы мен дамуын зерттеуші элементтің актуальды деңгейін өлшеу (мақсаттар мен міндердің нақты орындалуын тексеру);
3)Жеткен деңгейді күтілетін нәтижемен салыстыру;
4)Егер шынайы орындау белгілі бір уақыт кезеңінде орындаушы алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерге сай келмеген жағдайда проблеманы шешу.
Бақылау процессі өзара байланысқан құрылымдық КЕЗЕҢДЕРден тұрады:
бақылау мақсатын нақты және анық қою;
Бақылау бөлімшелеріндегі істің жай туралы ақпараттар жинау
Тексерушілерге нұсқау беру;
Тексеру барысында бақылаушыларға көмек беру;
Бақылаудың нәтижелерін есептеу және жиналған ақпаратты талдау;
тексеру нәтижесін ұжымда талдау
бақылау нәтижесі бойынша анықталған кемшіліктерді жою мен оқу –тәрие жұмысын жоғары деңгейге жету мақсатында жетілдіруге бағытталған ұсыныстар дайындау, берілген нұсқауларды орындауды тексеру
Бақылау мақсатына жетуде басты роль атқарады:
Тексеру нәтижесі жайында мектеп басшысы, оның орынбасарлары және қоғамдық ұйымдар арасында өзара ақпарат беру
Ол көп мақсатқа бағытталған және мамандандырылған бақылауды қамтамасыз ететін мақсаттық ұстанымдарды көтеруге/ ұсынуға мүмкіндік береді
Бақылау әдістері мынандай болады:
-Оқушылардың білім сапасын бақылауда мектеп басшылары енжар (пассивті) тексеру әдістерімен қатар белсенді (активный) әдістерді қолданады.
-Олар оқушылардың сабақтағы әрекеттерін бақылайды, олардың жауаптарын, жазба жұмыстарының (үй және бақылау) нәтижелерін оқиды, сынып журналындағы бағаларды талдайды, сондай ақ қысқа мерзім аралығында сабаққа қатысу барысында білім, білік және дағдыларын өзі тексереді.
-Білім сапасын бұндай қысқа мерзімді тексеру мектеп басшысы сабаққа басқа мақсатпен қатысқанда да мүмкін. Алайда бұндай қысқа мерзімді сауалда оларға бақылау мазмұны және алдыңғы сабақ бойынша сұрақтар берген жөн.
Мектепішілік бақылау нәтижесін тіркеу (оформление) түрлері
Сараптамалық анықтама,
мектепішілік бақылау нәтижесі жайында анықтамалар,
Тексерілген істің жағдайы жайлы баяндама
Соңғы мәліметтер нақты фактілерді, қорытындыларды және қажет болса ұсыныстарды қамтуы қажет. Нәтиже жөніндегі ақпарат мектеп қызметкерлерінің назарына жеткізіледі.
Мектеп басшысы БАҚЫЛАУ НӘТИЖЕСІ бойынша төмендегі ШЕШІМДЕРДІ қабылдайды:
Бұйрық шығару;
МІБ соңғы мәліметтерін алқалы органда талдау;
сараптамашыларды тарта отырып бақылауды қайта жүргізу;
лауазымды адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту;
қызметкерлерді марапаттау;
өз құзырлығы шеңберінде басқа да шешімдер қабылдау.