Презентация - "БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕ ОҚУ МОТИВТЕРІН МАҢЫЗЫ, ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІГІ""
- Презентации / Другие презентации
- 0
- 23.08.24
Просмотреть и скачать презентацию на тему "БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕ ОҚУ МОТИВТЕРІН МАҢЫЗЫ, ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІГІ""
"БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕ ОҚУ МОТИВТЕРІН МАҢЫЗЫ, ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІГІ"
Топ:7M017100 қазақ тілі мен әдебиеті
Орындаған: САДУАКАСОва Г.С
Тексерген:Кайырбаева Ж.К
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
Пән: Қашықтықтан оқыту жағдайында кәсіби құзыреттілік негіздерін оқыту
Оқытудың мақсаты — баға алу, ұпай жинау емес. Баға қою-сыртқы мотивацияны, сонымен бірге "өзін-өзі бақылау", "өзін-өзі бағалауға" негізделген, оқыту шарасы, тексеру техникасы, жұмыстың мазмұнын сипаттайтын ішкі мотивация болады.
Ғалымдардың пікірі
В.А. Сухомлинскийдің айтуынша : «Егер оқушының білім алуға құлқы болмаса,біздің барлық ойға алғанымыз бен ізденістеріміздің күлі көкке ұшады».
Балалар класта отырып оқуы және толыққанды оқу қызметі түріндегі жаңа білім мен дағдыны меңгеруі үшін оқыту процесін дұрыс ұйымдастыру қажет.( В.В.Давыдов)
А.Н.Леонтьевтің айтуынша, білімнің өзіне қатынасты тәрбиелеу керек. Ягни, оқыту барысында балалардың білімге, оларды игеру тәсіліне белсенді ішкі қатынастарын қалыптастыру.
«Іш пысудың бас себебі – іссіздік, екінші себебі – бір түрлілік» деп М.Жұмабаев та өз пікірін білдіреді.
Оқу процесінің сабақта, сабақтан тыс немесе өз бетінше орындалуына қарамастан, оқытушы мен студент көптеген талаптарға ұшырасады. Оларға сабақтың мақсаты, әдісі, ғылыми негізділігі, оқытудың проблемалары сияқты көптеген әрекеттерді жатқызуға болады. Дегенмен, осылардың барлығына негіз болатын тағы бір талапты ерекше атау қажет. Ол – оқыту процесіндегі мотивация.
Оқыту іс-әрекеті концепсиясында ой әрекеттің сатылы қалыптасуы теориясы негізінде, оқу мотивацияларын зерттеудің бірнеше тәжірибелері жасалған.В.Ф.Моргун 4-бағытқа топтастырды.
1.Оқу мотивациясының жетекші іс-әрекетінің ұйымдастырылуына тәуелдігі;
2.Оқу мотивациясының оқушылардың жекелік ерекшеліктеріне тәуелдігі;
3. Мотивацияның топтық бірлескен оқу-әрекетінің ұйымдастырылуына тәуелдігі;
4. Оқыту іс-әрекетіндегі көп мотивациялықты зерттеу.
Мотив дегеніміз не?
Мотивтер /фр. motif, лат. moveo – қозғалтамын/ іс-әрекеттің түрткісі, олар субъектінің өмір сүру жағдайының әсерімен құрылады және оның белсенділігінің бағытталғандығын анықтайды. Мотив ролінде сұраныстары, қызығушылықтары, талпыныстары, эмоциялары, бағытталғандығы және мұраттары болып табылады. Бала мектепке келгенде мектепте болуға деген қызығушылықпен байланысты және қоғамдық өмірге белсенді қатыстырылу мотивтері онда басым болады. Өсе келе бұл мотивтер өзгеріске түседі: бір жағдайларда жақсы баға алуға деген қызығушылық пайда болады, екіншілерде білімнің өзіндік мазмұнына қызығушылық туады.
«Мотив » ұғымының мазмұны
Адамның іс-әрекетінің субъективті дәлелі
Бір нәрсенің пайдасы үшін дәлелі
Оқушының оқу әрекетіне бағыттылығы
Қажетін қанағаттандыруға деген ішкі қатынасына байланысты ниеті
Әрекетін жүзеге асыруға тікелей түрткі болатын психикалық құбылыс
Қандайда бір әрекетке түрткі болатын себеп
Мотивацияның проблемаларын шешудің өзіндік жолдары бар:
1) Оқығысы келмеуінің себебін анықтап, оны азайтуға тырысу
2) Оқушының оқу мотивациясын оятатын іс-әрекетті көбейту.
Оқыту мотивациясын дамыту процесіне бағытталған жұмыс түрлеріне тоқталсақ:
- таңдауға мүмкіндік беру;
- эмоционалдық тренинг;
- оқушылардың жетістіктерін мадақтау және оқу қызметіндегі олқылықтар үшін жазалау жүйесін ойластыру т.б.
Оқу жағдайының мотивациялық күші оқушыларға төмендегі мәселелер ұсынылғанда арта түседі:
Оларға маңызды,қызықты материал ;
Әр түрлі орындау жолдарын қажет ететін тапсырмалар;
Жағымды кері байланыс;
Нақты нәтижесі бар тапсырма;
Оқушының өз бетінше жұмыс жасау дағдысы қалыптасқан жағдайда өз бетінше әрекетену мүмкіндігі;
Сабақтың «изюминкасын» ойластыру.
Слайд краткая теория
Қазіргі заманғы білім беру моделі деген не?
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,
Ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»
Н.Ә.Назарбаев
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Юрчук В.В. Современный словарь по психологии. – М.: «Современное слово», 1998 г.
2. Кордуэлл М. Психология. А-Я.: Словарь – справочник. – М.: Фаир-Пресс, 1999 г.
3. Маркова А.К. Мотивация учения и ее воспитание у школьников. – М.: Педагогика, 1983 г.
4. Ковалев В.И. Мотивы поведения и деятельности. – М.: Наука, 1998.
5. Дубовицкая Т.Д. Методика диагностики направленности учебной мотиваций. Психологическая наука и образование, 2002. - № 2.
6. Маркова А.К. Формирование мотиваций учения в школьном возрасте. – М.: Просвещение, 1983 г.
7. Немов Р.С. Психология. – М.: ВЛАДОС, 1995 г.