Презентация - "Германдық "әлеуметтік-нарықтық шаруашылық" ерекшеліктері қандай?"
- Презентации / Другие презентации
- 37
- 21.12.23
Просмотреть и скачать презентацию на тему "Германдық "әлеуметтік-нарықтық шаруашылық" ерекшеліктері қандай?"
Миға шабуыл
-Суреттерден не көріп тұрмыз?
-Бұл туралы сіздер не білесіздер?
-Суреттер арқылы бүгінгі таырыбымызды болжап көріңіздер.
Бөлім тақырыбы:
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Еуропа елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуы
Сабақтың тақырыбы:
Германдық «әлеуметтік-нарықтық шаруашылық» ерекшеліктері қандай?
Сабақ мақсаты:
9.3.1.3 мемлекеттердің тарихи даму заңдылықтарын анықтау;
9.1.2.2 әлемнің жетекші және дамушы мемлекеттеріндегі халықтың өмір сүру деңгейіне әсер ететін факторларды анықтау;
9.3.1.1 «әл-ауқатты мемлекеттер» ұғымын 1970 1980 жылдардағы әлеуметтік саладағы өзгерістерді сипаттау үшін қолдану
Ордолиберализм – Фрайбург мектебінің ғылыми бағыты. Бұл мектептің негізгі қағидаты – тәртіп пен еркіндіктің үздіксіздігі, тәртіптің өзара байланыстылығы.
Демилитаризация (de- бөлінуді, алып тастауды, жоюды білдіретін қосымша және militaris- әскери)-қарусыздану, халықаралық келісіммен бекітілген белгілі бір мемлекетке қарулы күштерді ұстауға, әскери өндірістің болуына тиым салу. Бейбіт уақытта әскери мақсатта қолдануға тиым салынатын белгілі бір территорияның халықаралық құқықтар режимі.Әскери өндірісті, қарулы күштерді, әскери бекіністерді, құрылғыларды жартылай немесе толық жою, сондай-ақ нақтылы аумақты немесе ауданды әскери мақсатта қолдануға тыйым салу
Денацификациялау – соғыстан кейін герман және австрия қоғамын, мәдениетін, баспасөзді, экономиканы, білім беруді, құқықтануды және саясатты, нацистік идеология әсерінен тазартуға бағытталған іс-шаралар жиынтығы.
Тірек сөздер
Маршалл жоспары (– «Еуропаны қайта құру бағдарламасы») — Батыс Еуропа мемлекеттеріне Екінші дүниежүзілік соғысынан кейін АҚШ тарапынан экономикалық жәрдем жүргізу бағдарламасы. Еуропада экономикалық тұрақтылық орнатып, батыс Еуропа мемлекеттеріне АҚШ экономикалық ықпалын жаю үшін жүргізілген. Жоспар АҚШ мемлекеттік хатшысы Джордж Маршаллдың атымен аталған, ресми атауы European Recovery Program (Еуропаны қалпына келтіру бағдарламасы).
1-тапсырма. І дүниежүзілік соғыстан кейінгі Германияны өзара бөліске салған мемлекеттерді картада белгілеңіз. 4 ұпай
Дескриптор:
мемлекеттердің тарихи даму заңдылықтарын анықтайды
1-мемлекетті картада анықтайды
2-мемлекетті картада анықтайды
3-мемлекетті картада анықтайды;
2 тапсырма. Герман әлеуметтік-нарықтық шаруашылық үлгілерін жазыңыз. 2 ұпай
Неміс үлгісі
Іске асырған кім?
1-қағида
2-қағида
Іске асқан мерзімі?
3-қағида
3-тапсырма. Жеке жұмыс. Германдық «әлеуметтік-нарықтық шаруашылық» ерекшеліктерін жазыңыз. 4 ұпай
Сабақты қорытындылау
Германдық «әлеуметтік-нарықтық шаруашылық» ерекшеліктері қандай?
Үйге тапсырма
Алдыңғы тақырыптарды қоса 20 тест сұрақтарын құрастыру.