Презентация - ""Отбасымызбен мемлекеттік тілде сөйлейміз" тақырыбында презентация"

- Презентации / Другие презентации
- 0
- 13.08.26
Просмотреть и скачать презентацию на тему ""Отбасымызбен мемлекеттік тілде сөйлейміз" тақырыбында презентация"
Сайт klass-uchebnik.com предлагает качественные учебные материалы для школьников, родителей и учителей. Здесь можно бесплатно читать и скачивать современные учебники, рабочие тетради, а также наглядные презентации по всем предметам школьной программы. Материалы распределены по классам и темам, что делает поиск максимально удобным. Каждое пособие отличается логичной структурой, доступной подачей материала и соответствует действующим образовательным стандартам. Благодаря простому языку, наглядным схемам и практическим заданиям, обучение становится легче и эффективнее. Учебники подойдут как для ежедневной подготовки к урокам, так и для систематического повторения перед экзаменами.
Особое внимание стоит уделить разделу с презентациями - они становятся отличным визуальным дополнением к теории, помогают лучше понять сложные темы и удерживают внимание учащихся. Такие материалы удобно использовать в классе на интерактивной доске или при самостоятельной подготовке дома. Все размещённые на платформе материалы проверены на актуальность и соответствие учебной программе. Это делает сайт надёжным помощником в образовательном процессе для всех участников: школьников, учителей и родителей. Особенно удобно, что всё доступно онлайн без регистрации и в свободном доступе.
Если вы ищете надежный источник для подготовки к урокам, контрольным и экзаменам - klass-uchebnik.com станет отличным выбором. Здесь вы найдёте всё необходимое, включая ""Отбасымызбен мемлекеттік тілде сөйлейміз" тақырыбында презентация", чтобы сделать обучение более организованным, интересным и результативным.
1-тапсырма, 18-бет. Өлеңді мәнерлеп оқы. Өлең мазмұнын өз сөзіңмен айт
Ана тілім, Жүрегісің анамның.
Жүрек-ана, Мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз мынау керегі не ғаламның!
Сенің әр бір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай түзу қараймын,
Ана тілім, Егер сені білмесем.
Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам,
Сенің арқаң жүзіп ішсем тұнықтан.
Туған анамды ұмытқаным емес пе,
Туған тілім, Егер сені ұмытсам.
Несіпбек Аитов
5-тапсырма, 20-бет. Мәтінді тыңда, оқы
Біздің отбасымыз үлкен. Отбасымызда атам, әжем, әкем, анам, ағам, жеңгем,әпкем, інім бар. Бәріміз бірге тұрамыз. Біз отбасымызда ана тілімізде сөйлесеміз.
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ол – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Елімізде қазақ тілін үйренгісі келетіндерге көп мүмкіндік жасалған. Атам Мағжан Жұмабаевтың, ал әжем Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін сүйіп оқиды. Ата-анам үш тілді жақсы меңгерген. Олар жұмыста қазақ тілінде қызмет көрсетеді. Әкем-пойызда жолсерік, ал анам-дүкенде сатушы. Нағашым да орыс тілін жетік біледі. Ол қазақша ән айтады. Ал жиенім қазақша өте жақсы сөйлейді. Себебі ол тіл үйірмесіне барады, қазақша көркем-әдеби кітаптар оқиды, әртүрлі байқауларға қатысады. Ол жақында Мағжан ақынның «Қазақ тілі» өлеңін жаттап алды. Менің ағам көп тіл біледі. Көп тіл білген жақсы. Көп тіл білген адамның өмірдегі мүмкіндігі де көп. Ағам жақында жоба жұмысын ағылшын тілінде дайындалады. Ол халықаралық грант ұтып алды. Жеңгем де француз тілін үйреніп жүр. Біз отбасымызбен мемлекеттік тілде еркін сөйлейміз, өзге тілдерді де жақсы білеміз.
Екпін
Екпін – сөздің айтылған кездегі белгілі бір буынның ерекше көтеріңкі дауыспен айтылуы.
Негізгі екпін сөздің соңғы буынына түссе, көмекші екпін қосымшалы сөздің түбірінің ең соңғы буынына түседі.
Мысалы: шеге, кереге, орақ, балға, балта сөздеріне қосымшаларды жалғағанда шегелер, керегелер, орақшылар, балташылар дегендерде негізгі екпін соңғы буынға көшеді де, түбірдегі екпіннің орны көмекшілік қызметті атқарады.
Екпіндер іштей екі түрге бөлінеді:
Ой екпіні
Сөз екпіні
Екпін түспейтін буындар:
Жіктік жалғауына – оқушымыз, барамыз.
Болымсыз етістіктің жұрнағына – ағашты жарма, сен айтпа.
Шылау сөздерге: үй де, мал да – бәрі де аман.
Көмекші сөздерге: мен ғой кеңседе болдым, үйге шейін атпен келдім.
Зат есім
(Имя существительное)
Жалқы
(Собственные)
Марат, Алматы, Есіл
Жалпы (Нарицательные)
бала, адам, мектеп
Деректі
(конкретные)
қалам, тақта, гүл
Дерексіз (абстрактные)
арман, достық
Күрделі (Сложные)
белбеу, Ақсу, орынбасар, ата-ана,
ел-жұрт, сары май
Дара
(Простые)
тарақ, ауыл, үстел









