Презентация - ""Ежелгі қалалар" БЖБ презентация"
- Презентации / Другие презентации
- 0
- 13.11.24
Просмотреть и скачать презентацию на тему ""Ежелгі қалалар" БЖБ презентация"
Бөлім бойынша жиынтық бағалау
Қазақстанның ежелгі қалалары және Ұлы Жібек жолы
Б.Ұзақов «Жантаза»
Презентация етіп дайындаған Титов атындағы №20 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сахова Ажар Байдосқызы
мақсаты
7.1.1.1 - мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжау;
7.2.4.1 - шығармадағы кейіпкерлерге автор берген мінездеменің тілдік құралдарын талдау
7.3.4.1 - мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясын салыстырып, талдау жасау
ЖАЗЫЛЫМ 1-ТАПСЫРМА ОҚУШЫЛАР «ЕЖЕЛГІ ҚАЛА» ТАҚЫРЫБЫНА ҚАТЫСТЫ БЕС ЖОЛДЫ ӨЛЕҢ ҚҰРАСТЫРАДЫ.
1.Зат есім: Отырар
2. Сын есім: ежелгі, көне
3. Етістік: сауда жасады, байланыстырды, кітапхана салынды
4. 4 сөзден тұратын сөйлем: Отырар қаласы – өркениет ордасы
5. «Отырар» сөзіне синоним, мағыналас сөз: көне қала
1-топ: Тараздың бойтұмары
2-топ: Ұлы Жібек жолы
Оқылым мәтіні
Байырғы заманда жердің түкпір-түкпірінде тұратын адамдар бір-бірімен сауда жүргізген. Алғашында ол қажетті заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан. Мысалы, асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары, азық-түлік және басқа да тауарлармен алмасқан. Кейіннен ақшаға сауда-саттық басталып, базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды.
Ұлы Жібек жолының Қазақстан жерінен өткен жолы Сауран қаласы болды. Қазақстан жеріндегі орта ғасырдағы ірі қалалардың бірі. Жібек жолындағы тағы бір тарихи қала – Иасы, кейіннен Түркістан атанған. Түркістан ертеден «екінші Мекке» деп аталып кеткен. Қожа Ахмет Иассауидің кесене ғимараты – бүкіл Орта Азиядағы сәулет өнерінің керемет үлгісі болып табылады. Жібек жолындағы даңқты қалалардың бірі Отырар еді. Бүкіл Шығысқа аты әйгілі қала ең алғаш Фараб деп аталды. Әл Фараби атанған ұлы ғалым Әбу Насыр Ибн Мұхаммед шыққан қала. Ұлы Жібек жолында тарихи қалалардың қатарына Испиджап, яғни, Сайрам да жатады. Сайрам ұзақ жылдар бойы Жібек жолы бойындағы саяси жағынан да, экономикалық жағынан да, мәдени жағынан да еңсесі биік қалалардың бірі болып қалған. Сол тұстағы аса ірі сауда орталығы Тараз болды. Елдер оны саудагерлер қаласы деп атаған. Тараздың жүрегі – мешіттері, керуен сарайлары болса, базардың айналасында түрлі шеберханалар, наубайханалар орналасқан. Ертеде Тараз қаласындағы сауда базарын көргендер «Тараз базары – әлем айнасы» дейтін. Себебі, бұл жақта кез келген дүниені айырбастауға, сату мен сатып алуға болатын.
2-тапсырма Оқылым тапсырмасы «Шын, жалған» әдісі Мәтінді оқу барысында берілген ақпараттардың қайсысының шын немесе жалған екенін белгілеңіз.
3-тапсырма. Берілген сөйлемдерден теңеуді тауып, мағынасын түсіндіріп жазады.
Ұлы Жібек жолында сауда қарқыны ұшқан құстай дамыды.
Ондағы тауарлар гауһардай құнды, айнадай жарқын еді.
Жанқожа жолыққан сұлудың мінезі мамықтай жұмсақ екен.
4-тапсырма
Ұлы Жібек жолының тарихи маңызы туралы өз пікіріңізді айтыңыз, өзгелердің пікірін тыңдаңыз, салыстырыңыз. «ПОПС» формуласын пайдаланыңыз.
• Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... »
• Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »
• Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »
• Төртінші сөйлем «Осыған байланысты мен ... деген шешімге келдім»