Презентация - "ЖИТС (СПИД) – ҒАСЫР ІНДЕТІ."
- Презентации / Другие презентации
- 0
- 28.08.24
Просмотреть и скачать презентацию на тему "ЖИТС (СПИД) – ҒАСЫР ІНДЕТІ."
ЖИТС туралы мәлімет
Жүре пайда болған иммундық дефицитiнiң синдромы (ЖИТС) - аса қатерлі вирустық дерт. Қоздырушы - адамның иммундық дефицит вирусы HIV. Вирус иммундық жүйесінің жасушаларының жұмысын бұзып, жойып, нәтижесінде (ЖИТС) пайда болып, адам организмінің қорғаныс механизмдерінің жұмысы бұзылып, инфекция мен қатерлі ісіктерлерден кәдімгі иммунды статус қалыпта болған жағдайда дамымайтын оппортунисттік аурулар пайда болады.
ЖИТС-тің жұғу көздері және жұғу жолдары
ДДҰ мәліметі бойынша АИВ жұқтырғандардың саны 2000 жылдан кейін 40—50 миллионға жетуі ықтимал. ЖИТС-пен ең көп науқастанушылар АҚШ-та, Батыс Еуропа елдерінде (әсіресе Франция, Германия, Ұлыбритания, Италия), Орталық Африкада, Гаитиде тіркелген.
Вирус ТМД мемлекеттерінде, Жапония, Шығыс Араб елдерінде кездесе бастады. Әдетте ЖИТС-пен қала тұрғындары жиірек ауырады. Оған жөнсіз жыныстық қатынас, шектен тыс сексуальдық еркіндік, жезөкшелік, гомосексуализм т. б. жайлар себеп болады.
Қауіпті ЖИТС дерті қайдан бастау алғанына тоқталсақ, оның жұқтырылған белгісі алғаш рет 1981 жылы АҚШ-та тіркелген. Ал ЖИТС-ке шалдығудың соңғы сатысы ВИЧ инфекциясын 1983 жылы француз ғалымы Л.Монтанье ашты.
ВИЧ инфекциясы көп жылдар бойы адам ағзасында өмір сүріп, оның алғашқы белгілері пайда болғанша басқа адамдарға жұғуы мүмкін. Бұл аурудың емі әлі табылған жоқ. Алайда ВИЧ инфекциясы тіркелген жандардың бойындағы ауруды біраз уақытқа созу үшін дәрі-дәрмектер болғанымен, оның құны қымбат.
ЖИТС вирусы сау адамға мынандай үш негізгі жолдармен жұғады:
Жыныстық қатынас арқылы;
Адамның ауруы қаны арқылы
ЖИТС ауруы жұққан анадан баласына ауысу арқылы
Бүгінгі таңда 16 миллионнан астам адам ғасыр дерті кесірінен көз жұмса, эпидемия белең алғалы бері 60 миллиондай адам осы вирусты жұқтырған екен. БҰҰ-ның берген дерегіне сүйенсек, ЖИТС әлемдік аумақта адам өлімінің себепкері ретінде төртінші орын алды, ал оның жұқпалы дерт екенін ескерсек, ертеңгі күні бүкіл адамзатқа қауіп болып төнері анық.
Қазақстанда осы дертке шалдыққандардың саны 2007 жылы наурызда 7709 адамға жеткен. Бұл — ресми мәлімет. Ал шын мәнінде, бұдан әлдеқайда көп. Дәрігерлердің жауапсыздығынан оңтүстік өңірдегі бей-күнә сәбилердің ВИЧ инфекциясын жұқтыруы, санының күн сайын артуы бәрімізді ойландырады.
Инфекция көзі
Вирус жұққан адам — вирус тасымалдаушылар, ЖИТС-пен ауырған адамдар инфекция жұқтыру көзі болып табылады. Ешқандай ауру белгілері байқалмайтындықтан әсіресе вирус тасымалдаушылар өте қауіпті.
Қазақстанда ЖИТС-пен күресу жұмыстарын ұйымдастыру
Қазақстанда осы қауіпті ауруға қарсы күрес жүргізу мақсатымен мамандандырылған жаңа қызмет жүйесі құрылды.
ЖИТС-тен қорғану жөнінде жұмыс жүргізетін 20 орталық және 80 лаборатория бар. Олардың жұмыс бағыттары мынадай:
Вирус жұғу мүмкіндігі бар «қатерлі топтарға» (группы риска) жататын адамдарды тексеріп, вирус жүққан адамдарды дер кезінде тауып отыру
Ауру ошағын анықтап, дәрігерлік бақылауға алып, вирустың әрмен қарай тарауына, яғни басқа адамдарға жұғуына мүмкіндік бермеу жұмыстарын ұйымдастыру.