Презентация - "Презентация по краеведению "Ескі қала көшелері""
- Презентации / Другие презентации
- 0
- 31.07.24
Просмотреть и скачать презентацию на тему "Презентация по краеведению "Ескі қала көшелері""
"Теміртау қаласы №3 жалпы білім беретін мектебі" КММ
Ғылыми жоба
Тақырыбы:
«Ескі қала көшелері-менің қаламның тарихының бір беті»
Орындаған
11 «Ә» сынып оқушысы
Усенова Балнұр
Жетекшісі тарих пәні мұғалімі
Оспанова А. С.
Теміртау қаласы
Жобаның мақсаты:
Туған қаланың тарихын зерделеу, оқушыларға қаланың ескі бөлігі туралы мағлұмат беру, жиналған ақпаратты қала тұрғындары мен мектеп оқушыларына тарату
Жобаның міндеті:
Теміртау қаласы және оның ескі бөлігі туралы ақпарат жинау
Ескі қала аталмыш қаланың орталығы болғанын және осы күнге дейін маңызы жоғары екендігін атап өту
Қала тарихын насихаттау
Әртүрлі жастағы мектеп оқушыларының тарихи құндылықтарға қызығушылықтарын ояту, үйрету, баулу
Тақырыптың өзектілігі мен ауқымдылығына талдау жасау;
Өзектілігі: Қазақстан Республикасында ірілі ұсақты 88 қала болса, соның ішіндегі Теміртау қаласы еліміздің металлургиясының дамуына елеулі үлес қосып келеді. Қалада көші-қон жағдайы өзгеріске ұшырап тұратындықтан, қала тарихын зерттеу жұмысы арқылы жандандыру, мектеп оқушыларының өздері тұратын мөлтек ауданы туралы білімдерін арттыру. Жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарды біліп, құрметтеуіне жағдай туғызу. Туған жеріне сүйіспеншіліктерін арттыру
Болжау:
Егер қаламыздың тарихын қайталап, ұмытпай, үнемі жандандырып, қала тұрғындарының жаңа легіне таныстырып отырсақ, қаланың келешектегі тұрғындары тарихи мәліметтермен, ақпараттармен қанығып өседі, ұрпақтар арасындағы сабақтастық пен сыйластық арта түседі.
Қала тарихынан үзінді
Қала тарихы өзінің бастауын елді мекен ретінде өткен ғасырдың басынан алады. Қара алтынның орталығы Қарағанды қаласының солтүстік батысында 35 шақырым қашықтықта орналасқан. 1905 жылы "Жауыр" деп аталатын шағын ауыл болды, ал 1909 жылдан бастап, "Самарқанд" атала бастады. 200 тұрғыны, бір диірмені, шағын ауруханасы, 2 мұғаліммен мектебі болды. 1945 жылдың 1 қазанынан бастап, Теміртау қаласы атанды.
Ескі қалаға саяхат
Теміртауда барлық бастамалардың басында қаланың ескі бөлігі тұрады. Өйткені қаланың алғашқы үйлері, үкіметтік ғимараттар, спорт және мәдениет ошақтары, алғаш рет осы Ескі қала аталатын шағын ауданда басталған. Олай болса қаланың ескі бөлігіне саяхат жасайық
Ескі қала көшелері
Өз бойында талай тарих, талай тағдыр, талай реніш, талай қуанышты бүгіп жатқандай. Қаланың алғаш көшелерінде, оның алғашқы құрылысшылары, жұмысшылары, қызметкерлері асыға басып таңертең жұмысқа барды, кешке үйлеріне қайтты. Олар әр түрлі мамандық иелері, мінездері де өздеріне ғана тән болды, түр-келбеттері де бір-біріне ұқсамады. Оларды бір-біріне ұқсатқан осы қалаға деген махаббат, осы қаланы көркейтуге деген талпыныс болды.
Ленин көшесі
Бұл көше қаланың Батыс және Шығыс бөлігін жалғастырады. Ескі қаланың орталығында Панфилов көшесімен қиылысып сол аумақты үлкен алаң пайда болды. 1956 жылы алаңда Металлургтер сарайы өз есігін ашты, ал 1958 жылы энергетиктер алаңында В.И.Ленинге ескерткіш қойылды. 2001 жылы Ленин көшесі Республика даңғылы болып өзгертілді
Мәдениет және демалыс саябағы Металлургтер сарайының артында орналасқан. Оның іргесі 1949 жылы қаланған және 7 га аумақты алып жатыр. Саябақтың аумағында оқу залы, би сахнасы және аттракциондар болды.
Школьная көшесі
"Теміртау қаласы № 3 жалпы білім беретін орта мектебі" КММ
Алғашқы оқушыларына есігін айқарып ашып, 1966 жылы қабылдады. Қазіргі кезде кезде мұнда 608 мемлекеттік және орыс тілді сыныптарда оқитын 32 сынып жасақталған.
Құрыш қаламыз жайлы, қаламыздың ескі бөлігі жайлы мектеп оқушылары арасында, қала тарихын қаншалықты білетіндерін анықтау үшін сауалнама жүргіздім. Сауалнамаға 7"А", 7"Ә", 7"Б" сыныптардан 45 оқушы қатысты.
1. "Самарқанд" атауының мағынасы қандай?
Осы нәтижені білгеннен кейін қаламыздың тарихы туралы деректер жинақтай бастадым.
Жұмыс барысы еліміздегі коронавирус салдарынан карантин жағдайында жүргізілгендіктен,
барлық ақпаратты жинау және алмасу онлайн жағдайында өтті. Жоғарыда аталған сыныптардың
желідегі топтарына жинақтаған материалдарды жіберіп отырдым, нәтижесінде балалар қала
тарихынан көптеген мағлұматтар алды. Жұмыс барысында АКТ қолданылды, мектеп кітапханашысы
Ивлева Д.И. көптеген қосымша материалдармен таныстырды. Ақпарат бергеннен соң 7"А", 7"Ә", 7"Б"
сыныптардағы 45 оқушының сауалнама қорытындысы өте жақсы деңгейде болды.
Сауалнама нәтижелері
Қорытынды
Сонымен зерттеу барысында оқушылар бастапқыда қала тарихы жайлы сұраққа мардымды жауап бере алмады. Бізге көп жұмыс жасауға тура келді:
- Интернет ресурстармен, мектеп кітапханасымен баспасөз беттерімен, қала тұрғындарымен, ата-аналармен, мұғалімдермен, оқушылармен ақпарат жинау жұмыстары жүргізілді
-табылған ақпараттар зерделеніп, талданып, сарапталып топтастырылды
- суреттер мен ақпараттардан альбомдар жабдықталды
-оқушылардың интернет желісіндегі топтарымен жұмыс жүргізілді.
Теміртау Қазақстанның көптеген қалалары арасында ерекше орын алатын қала. Тарихи өлшемдер бойынша оның оқиғалы өмірі, республиканың қалыптасуымен бірге жасасып келе жатқан ажырамас бөлігі.